Қысқы үздік мүсіндер!
22-01-2019 15:04
Қысқы үздік мүсіндер!

Балабақшамызда топтар арасында "қысқы үздік мүсіндер" жасаудан сайыс өтті. Сайысқа әр топтың тәрбиешілері, тәрбиеші көмекшілері және  ата-аналары, жетекші мамандар да  белсене қатысты. Сайыс шарттары бойынша әдемі, шынайы, ерекше мүсін жасаған топ тәрбиешілеріне мадақтама грамоталары таратылып, жеңімпаз атанды. Белсене қатысқан, қолынан бал тамған әріптестерімізге көп рахмет!