«Жұлдызға жету жолында» атты тәрбиешілердің сайысы болып өтті.
21-01-2019 15:02
«Жұлдызға  жету  жолында»  атты  тәрбиешілердің   сайысы  болып  өтті.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін шыңдау, педагогикалық процесте жаңа технологияларды қолдану  және шығармашылық қабілеттерін арттыру  болып  саналады. «Балақай»  балабақшасының  әкімшілігінің  ұйымдастыруымен   «Жұлдызға  жету  жолында»  атты  тәрбиешілердің   сайысы  болып  өтті.  Байқау басталғанға дейін әр қатысушы әділ қазылар алқасына   өздерінің  портфолиоларын  көрсетуі,  және   әр  қатысушы  тәрбиеші  өзінің  бір  сабағынан  видео  түсірілімін  көрсетуі  шартты. (сабақ  көрсетілімі және тақырыбы қатысушының таңдауы бойынша таңдалады, сабақтың  ұзақтығы  ұзындығы жас тобымен анықталады)    Педагогикалық  жағдаяттарға   тәрбиешілер тез  арада  жауап  беріп  тығырықтан  шыға білді.   Ал  келесі  кезекте  үй  тапсырмасы  «Тәрбиешінің  демалыс  күні»  Бұл  жерде  қатысушылар   өз  ойын  қысқа  уақыт  ішінде  сипаттап  айтты.   Сайыс  нәтижесі  бойынша   ересектер  тобының  тәрбиешісі:

Тілеуберген  А.М   1-орын 

 Абеуова  К.Ы         2-орын                                         

Молдамбетова  А.К    3-орынды  иеленіп  бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.