Областной форум дошкольных работников
26-11-2018 11:05
Областной форум дошкольных работников

2018 жылғы 23 қарашада мектепке дейінгі мекемелердің арасында «Қазақстан республикасы президентінің 2018 жылғы 05 қазандағы Жолдауын жүзеге асыру аясында адами капиталдың қалыптасуына мектепке дейінгі мекемлердің ықпалы» тақырыбында облыстық деңгейде форум өтті. Форумда әр мектепке дейінгі ұйым өзінің іс – тәжірибиесімен бөлісті. Аталмыш іс – шарада «Бөбек» МЖДМ КМКҚ «Ертөстік» және «Айгөлек» балабақшаларымен бірігіп облыстық әлеуметтік – педагогикалық «Сырттай балабақша» жобасын кеңінен насихаттау мақсатымен көрме орын алды. Көрмеде жоба аясында әзірленген дидактикалық ойындар, әдістемелік құралдар, жадынамалар ұсынылуымен қатар, жобадан хабары жоқ ата – аналарға жарнамалау мақсатымен шебер – сыныптары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, форумның екінші бөлімі- пленарлық отырыста облыстық әлеуметтік – педагогикалық «Сырттай балабақша» жобасының жаңа жұмыс түрі «Отбасылық кемпинг» тақырыбында баяндама оқылды. 
Форум соңында үздік атанған педагогтарға «Облыстық әдістемелік білім беру орталығынан» мадақтамалар мен алғыс хаттар табысталды. Осы жолы біздің балабақшамыздан үздік болып, жас маман, педагог- психолог Серсембаева Айман Айболқызы танылды. 
Осындай форумда алғаш рет қатысуымызды ескеріп, бастамамыз жаман емес деп айтқымыз келеді. Себебі, дәл осындай шаралар педагогтардың, оның ішінде мектепке дейінгі мекеме педагогтарының мәртебесін жоғарлататыны сөзсіз.