2018 жылғы 08 қарашада «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Біліктілік баспалдағы» жобасының жылдық жоспарын іске асыру мақсатында, сонымен қатар қалалық деңгейде өтетін «Ең үздік мектепке дейінгі педагог» байқауының ережесін орындау мақсатында балабақшаішілік «Ең үздік мектепке дейінгі педагог - 2018» кәсіби байқауы өтті. Байқауда балабақшамыздың 9 жас маманы бақтарын сынға түсірді. Аталмыш шара 4 кезеңнен тұрды: «Өзім айтам өз жайымда», «Егер де мен», «Миға шабуыл», «Менің біркүндік демалысым». Әрбір кезеңде педагогтар өздерінің жан – жақты, білікті, зияткер, шығармашыл екенін көрсете алды. Бұл сайыста жеңген бар, жеңілгендер табылмады. Жүзден жүйрік атанған орыс тілі оқытушысы Жахметова Балдырған Юрийқызы жүлделі І орынға ие болды. Ал, екінші орынды педагог- психолог Серсембаева Айман Айболқызы, ІІІ орынды тәрбиеші Шингисбаева Асем Рыскұлқызы өз қанжығасына байлады.
«Ең үздік креативті педагог» - Гүлзат Балағазықызы, «Ең үздік шығармашыл педагог» - Айбарша Нұрланқызы, «Ең үздік білікті педагог» - Гүлнұр Лаулатқызы, «Ең үздік зияткер педагог» - Динара Қайратқызы, «Ең үздік үй тапсырмасы» - Халаған Мұратқызы номинациясымен марапатталды.
Ереже бойынша, жеңімпаз қалалық деңгейдегі байқауға жолдама алды. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!