Размер шрифта:
Наурыз мерекесіне арналған қазақтың ұлттық ойыны
18-03-2016 04:03
Наурыз мерекесіне арналған қазақтың ұлттық ойыны

2016 жылғы 18 наурызда «Бөбек» МЖДМ КМҚК  ересек және ортаңғы топ балаларының арасында Наурыз мерекесіне арналған қазақтың асықтан ұлттық ойыны «Ханталапай» ұйымдастырылды. Бұл ойынның мақсаты – өсіп келіп жатқан ұрпаққа ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындарымызды үйретіп, жас жеткіншектердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру болып табылды.

Бұл ойында балалар өздерінің ептілігін, алғырлығын, мергендігін танытып, сонымен қатар, жүргізуші – Тазша баланың қойған сұрақтарына жауап беріп, білімдерін ортаға салды. Бір топ баланың ішінен алға шыққан үш бала – «Білгір бала», «Мерген бала», «Алғыр бала» номинациялары бойынша марапатталды.