Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік, ересектер тобы
2016 жылғы 17 наурызда «Бөбек» МЖДМ КМҚК екі ересек топтарының балалары Наурыз мерекесін қарсы алды. Балалар сан қилы өнерлерін, өздерінің биші екендерін, әнші екендерін көрсетіп, мерекелік көңіл - күй сыйлай алды. Ал, балалардың көңіл - күйін көтеріп, ертеңгіліктің сәнін келтірген Алдар көсе мен ертегідегі сараң Бай және оның бәйбішесі болды. Сонымен қатар, балалар «Бесік тойға» қатысып, әженің немересіне «өс –өс» жасап, бесікке бөлегенін тамашалап, тәтті шашулардан ауыз тиіп қайтты.