Размер шрифта:
22 наурыз мерекесіне арналған тақырыптық іс-шара
15-03-2016 07:06
22 наурыз мерекесіне арналған тақырыптық іс-шара

2016 жылғы 15 наурызда «Бөбек» МЖДМ КМҚК № 2 екінші кіші тобында «Наурыз мейрамы» деген тақырыптық іс – шара өтті. Балалар қазақ халқының ұлттық  киімдерімен мерекенің сәнін келтірді. Қонаққа әже келіп, балаларға қазақ халқының салт – дәстүрі «Тұсаукесер» рәсімін көрсетті. Балаларға тосын сый болып қонаққа ертегі кейіпкері Ер Төстік келіп, балаларға ұлттық ойыны - «Ханталапай» ойынын ойнатты. Мерекелік іс – шараның түйіні болған жайылған дастархан болды.