"Тазалық, денсаулық, спорт" күні
Жаз мезгілінде тазалыққа екі есе көңіл бөлу керек. Оның себебін біздің бүлдіршіндер біледі. Дені сау болу үшін спортпен дос болу керектігін де жақсы түсінеді.
Міне, бүгін де 2018 жылғы 12 маусымда «Бөбек» МЖДМ КМҚК денсаулық, спорт, тазалық тақырыбына арналған ойын – сауық өтті. Ол жерде балалар ептілігін көрсетумен қатар, білімдерін де сынады. Тазалықпен, спортпен дос екендерін де дәлелдеп берді. Іс – шара барысында бүлдіршіндер «Денсаулық» атты пойызға мініп, «Тазалық» әлемінде жұмбақтар шешсе, «Спортландия» әлемінде эстафета ойындарын ойнап шықты.