Размер шрифта:
Жұмыс барысында
07-06-2018 10:43
Жұмыс барысында

Бүгін, 2018 жылғы 07 маусымда «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Сырттай балабақша» жобасы аясында « Бауырсақты табайық» тақырыбында квест – ойыны өтті. Аталмыш іс –шараның мақсаты жас ата – аналарға белсенді демалыс түрін ұсыну болып табылды.
Ойын барысында балалар әженің «жоғалып» кеткен бауырсағын іздеуге жолға шығады. Кішкентай ойыншыларға ертегі желісі бойынша кейіпкерлер тапсырмаларды беру арқылы жол көрсетіп отырды. Ойын – сауық соңында балаларға тәтті сыйлықтар табысталып, ертегі кейіпкерлерімен көңілді билеп қайтты.