Размер шрифта:
Пленарлық отырыс
02-03-2016 11:03
Пленарлық отырыс

 

        2016 жылғы 25 ақпанда Қарағанды қаласында «Мектепке дейінгі білім беру  қызметкерлерінің IV облыстық ғылыми – практикалық конференциясы» өтті. Бұл ғылыми – практикалық конференцияға Қарағанды облысы бойынша қала – аумақтардан педагогтар жиналып, заманауи мектепке дейінгі білім туралы негізгі бағытта, мәселер талқыланып қорғалды. 

         Балқаш қаласынан біздің балабақша, яғни «Бөбек» МЖДМ КМҚК  директоры Жанар Толеутаевна Жазбекова және ересек тобының тәрбиешісі Эльмира Хамитовна Куанышбекова «Дойбы ойыны арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту» жобасын  ұсынды. Балабақша директоры Ж. Жазбекова осы жобаны таныстыруға  облыстық пленарлық отырысқа шақырылып, дойбы ойынының балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда маңыздылғы  жайлы баяндама оқыды. 

         Баяндама «Қарағанды облысының Білім басқармасы» «Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының» әдістемелік кітабына басылып шықты (2016 жыл Қарағанды, № 17 бет).