"Анамды мен сүйемін"
01-03-2018 15:13

Көктемнің алғашқы күнінде, Алғыс күнінде, біздің «Бөбек» балабақшасының бірінші кіші топ бүлдіршіндері аналарды, әжелерді Халықаралық 8- Наурыз әйелдер күнімен құттықтап, алғыстарын білдірді. Ертеңгілік барысында ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп, балаларға түрлі ойындарын, сиқырларын ала келіпті. Ал, біздің бүлдіршіндер болса, аналарына, әжелеріне арналған әндерін, тамаша билерін қонақтарға тарту етті. Мереке соңында балаларға тәттіліктер сый болды.