"Кедергілер" спорттық сайысы
Пхенчханде өтіп жатқан қысқы Олимпиада спорттық ойындарындағы қазақстандық спортшыларын қолдау мақсатымен, 2018 жылғы 27 ақпанда «Бөбек» МЖДМ КМҚК ересектер топтарының қатысуымен «Кедергілер» спорттық сайысы өтті. Ұйымдастырылған іс – шара жеті бөлімнен тұрды. Әр кезеңде балалар ептілігімен қатар, зияткерлік қабілеттерің де танытып, топты жаруға дайын болды. Нәтижесінде, жүзден жүйрік атанып, жүлделі І орынға «Астана» тобы ие болды. Ал, ІІ – орынды «Болашақ» тобы, ІІІ орынды «Спортики» тобы қанжығаларына байлады. Біздің де кішкентай спортшылар болашақта Олимпиада чемпиондарының қатарынан көрінеді деген сенімдеміз.