Халықаралық кітап сыйлау күні
Бүгін, 2018 жылғы 14 ақпанда «Бөбек» МЖДМ КМҚК мен орталық Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасының филиалының серіктестік – қоғамдастығы, халықаралық кітап сыйлау күні аясында «Кітап – біздің досымыз» атты тақырыптық кездесуі өтті. Аталмыш іс – шарада кітапхана меңгерушісі Меңдігүл Қозыкөрпешқызы балаларға кітаптардың қызыққа толы әлемімен таныстырып өтті. Кездесу соңында балаларға кішкентай кітаптар сыйлыққа ұсынылды. Болашақта балаларымыз кітапханаға жиі барады деген ойдамыз.