"Туристшілер күні"
Жаз мезгілінде балалар ұмытылмас, жарқын әсер алуға тиіс. Жаз мезгілі оқу үдерісінің қатаң шеңберінен шығып, балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі қызықты түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. Осы нысандардың бірі туристік жорықтар. Бұндай жорықтар тәрбиеленушілердің табиғатта өзін қалай ұстау керектігі жайлы мағлұматтарын толықтырады. Белгіленген саяхат идеясы балалардың достық қарым-қатынастарын нығайтады, ал оның іске асуы қатысушыларға үлкен рахат сыйлайды. Осындай ойын-сауық шарасы бүгін 7маусым күні біздің бөбекжайда өтті.
#бөбекбөбекжайы #туристшілеркүні