"Менің туған күнім" психологиялық-педагогикалық тренингі
23-01-2018 16:39

Бүгін, 2018 жылғы 23 қаңтарда «Бөбек» МЖДМ КМҚК Даму стратегиясын іске асыру барысында «Өмір сүру керемет!» атты психологиялық – педагогикалық жобасының кезекті тренингі өтті. Педагог – психолог Айман Айболқызы кәсіби күйзелістің алдын алу мақсатымен түрлі тапсырмалар мен релакс – ойындарын ұйымдастырды. Аталмыш тренинг «Сиқырлы қобдиша» атты рефлексиямен аяқталды.