2018 жылғы 15 қаңтарта «Бөбек» МЖДМ КМҚК Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы бойынша жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында балабақша директоры Жанар Толеутаевна Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең негізгі нақты он міндетіне, оның ішінде жетінші міндетіне «Адами капитал – жаңғыру негізі» тоқталып өтті.
«Қазіргі таңда білім берудің жаңа сапасына көшудеміз. Осы орайда, 2019 жылдың 01 қыркүйегіне қарай – мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет – деген Елбасының алға қойған міндетін қолдаймыз» - деп айтып кетті, өз баяндамасында директор Жанар Толеутаевна.
Себебі, жаһандану заманында, өсіп келе жатқан үрім ұрпаққа тәрбие беріп отырған педагогтардың жауапкершілігі жоғары болмақ. Заман талабына сай – инновациялық технологияларды меңгерумен қатар, ХХІ ғасыр балаларының жан – жақты дамыған тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру мына біздің құзырда – деп, өз ойын түйіндеді, Жанар Толеутаевна.
«Бөбек» МЖДМ КМҚК әдіскері, Елбасының Жолдауы негіз болған балабақшада атқарылған іс – шараларға тоқталып, ата – аналармен педагогтардың, тәрбиеленушілердің жетісітіктерімен бөлісті.