Размер шрифта:
Қош келдің, Жаңа жыл!
22-12-2017 12:24
Қош келдің, Жаңа жыл!

2017 жылғы 22 желтоқсанда «Бөбек» МЖДМ КМҚК –да жаңажылдық ертеңгіліктер бірінші кіші топтардан бастау алды. Сағына күткен Жаңа жылдың басты кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар және орман тұрғындары Аю мен Түлкі балаларға мерекелік көңіл күй сыйлаумен қатар, өздерімен бірге ойындарын да ала келіпті. Балапандар да, өз жағынан, келген қонақтарға ән мен биден шашуларын арнап, Аяз Атаға арнайы әзірлеген өлең жолдарын оқып берді. Аяз Ата болса, бүлдіршіндерге тәттілерін сыйға тартты.