Размер шрифта:
"Сырттай балабақша" жобасы аясында кездесу
21-12-2017 08:46

Бүгін, яғни 21.12.17. күні Балқаш қаласының «Бөбек» балабақшасында «Сырттай балабақша» жобасы бойынша «Кеңес орталығында» тағы бір кездесу ұйымдастырылды. Ата-аналардың сұрауы бойынша «1-3 жастағы балаларға «Болмайды!» деп айтуға болады ма?» және «Ерте жастағы баланың агрессивтік әдеті неден? деген сұрақтарға инновация жөніндегі әдіскер Базарбаева К.М. кеңес берді. «Ойын орталығында» балаларды жанжалсыз серуенге киіндіруге қызықтыру мақсатымен, үлкендер қуыршақты киіндіріп үйретті. Соңында балалар бір-бірімен тіл табысып, қызығып ойнады.