Өлкетану апталығы
25-10-2021 10:38
Өлкетану апталығы

Еліміздің жер қойнауы түрлі қазба байлықтарына бай. Табиғаттағы заттардың бәрі адам игілігіне жұмсалады. Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстары пайдалы қазбалар деп аталады. Табиғи қазба байлықтарын үнемді және өз орнымен қолдана отырып, еліміздің көркеюіне еңбек ету керек. Сол мақсатты көздей отырып, қазіргі жас бүлдіршіндерге табиғат байлықтарының маңызын түсіндіру аясында "Зеректер" мектепалды даярлық тобында "Табиғи қазба байлықтарын зерттеу" тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің қызықты сәті кішкентай зерттеушілеріміз түрлі эксперименттер мен зерттеулер жүргізуі болды.