Размер шрифта:
"Толағай" спорттық жарыс
23-11-2017 08:55

2017- 2018 оқу жылының жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Бөбек» МЖДМ КМҚК ортаңғы топтардың  ата – аналарының қатысуымен «Толағай» атты спорттық сайысы өтті. Бұл жолы сайысқа түскен отбасылық топтардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалары да күрделене түскенімен, әрбір топ бар ынта - жігерімен жеңіске ұмтылды.         Алғырлығымен топты жарған «Барыс» тобы (Сатиевтер отбасы)  жүлделі І - ші орынды қанжығаларына байлады. Сайысымыздың күміс жүлдегерлері «Тұлпар» тобы (Абеубековтер отбасы), қола жүлдегерлері «Қыран» тобы (Слановтар отбасы) бір ұпай айырмашылықпен өздерінің ерекшеліктерімен, ізденістерімен көзге түсті. Әрбір отбасылық топты қолдауға келген жас жанкүйерлер де қатысушыларға ерекше күш – жігер сыйлап, қолдады. Алтын уақыттарын бөліп, «Бөбек» балабақшасының өміріне өз үлестерін қосып, сайысымызға белсене қатысқандары үшін, ата-аналарға алғысымызды білдіреміз!