Педагогикалық кеңес
2017 жылғы 22 қарашада «Бөбек» МЖДМ ҚМҚК жылдық жоспар бойынша кезекті «Заман талабы. Инновациялық технологиялар» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің ерешелігі, дебат түрінде өткізілуі. Педагогтар екі топқа: «Үкімет» және «Оппозиция» болып екіге бөлініп, бірі - дәстүрлі педагогиканы қолдаса, екіншісі – инновациялық технологиялардың білім үрдісінде алар орны орасан зор екенін дәлелдеді. Әрбір топ нақты фактілерге жүгініп, пікірталаста жеңіске жетуді көздегенмен, сөз соңында дәстүрлі педагогика мен инновациялық технологияларды қатар алып жүру қажет деген тұжырымға тоқталды. Педагогикалық кеңес «Білгенге маржан» айдарымен өз мәресіне жетті.