Размер шрифта:
"Мен және менің отбасым"
21-11-2017 10:10

2017 жылғы 21 қарашада «Бөбек» МЖДМ ҚМҚК қабырғасында жылдық жоспарға сәйкес «Мен және менің отбасым» атты екінші кіші топтар арасында отбасылық спорттық жарысы өтті. Іс – шараның мақсаты отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды негізге ала отырып, өскелең ұрпақтың бойында спортқа деген қызығушылықты ояту болып табылды.

         Аталмыш іс – шара: «Таныстыру», «Кім жүйрік?», «Кедергілерден өт», «Ғажайып шарлар», «Көңілді доптар» секілді жарыстардан тұрды. Әрбір кезең бойынша аралық ұпай сандары көрсетіліп отырды. Соңғы сайыс өз мәресіне жеткенде, дене шынықтыру нұсқаушысы Айбарша Нурлановна кішкентай жанкүйерлер арасында «Кім епті?» ойынын өткізіп, бүлдіршіндердің көңілін аулады.

         Отбасылық спорттық жарыстың нәтижесінде жүлделі І орын – Әлібаевтар отбасылық тобы, ІІ орын – Артықбаевтар отбасылық тобы, ІІІ орын – Бейсеновтар отбасылық тобы , белсенділік танытқаны үшін – Шакировтар отбасылық тобы марапатталды.

         Айта кетерлігі, отбасылық спорттық сайыстар балабақшамызда жылда ұйымдастырылып отырғандықтан ата – аналар тарапынан белсенділік жоғары деңгейде.