Ата-аналарға кеңес "Сенсорлық тәрбие"
15-11-2017 07:04
Ата-аналарға кеңес

2017 жылғы 15 қарашада Балқаш қаласының «Бөбек» МЖДМ КМҚК-да, облыстық әлеуметтік – педагогикалық «Сырттай балабақша» жобасын іске асыру мақсатымен, жоба қатысушыларына «Ерте жастағы балаларға сенсорлық тәрбие беру» тақырыбында  кезекті кеңес беру орталығының жұмысы ұйымдастырылды. Кездесу барысында инновация әдіскері Кунменай Максутовна аналарымызға сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы, ерекшелігі туралы презентация арқылы кеңес берді. Сонымен қатар, әдіскер тақырыпты өрбіте отырып, «Ғажайып қоржын» ойынын ұсынды. Ал, балабақшамыздың педагог – психологы Айман Айболқызы сенсорлық дидактикалық ойындарының баланың бойындағы зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау секілді психикалық үрдістерді дамытудағы алатын орны туралы айтып, кездесу соңында ата – аналармен бірге «Жылулық» релаксациясын өткізді.