«Педагогтардың эмоционалдық және кәсіби күйзелісі»
13-11-2017 11:33
«Педагогтардың эмоционалдық және кәсіби күйзелісі»

2017 жылғы 13 қарашада «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Өмір сүру керемет!» атты психологиялық – педагогикалық жобасы аясында «Педагогтардың эмоционалдық және кәсіби күйзелісі» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумда бірнеше топтық жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде: «Кел танысайық», «Өзін-өзі күту» шеберлік сыныбы, «Сымсыз телефон» ойыны ойналды. Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» әдісімен бірнеше жағдаяттарды талқылап, шешімін табуға тырысты.

         Педагогтардың тұлғалық психологиялық мінез – құлқын анықтау үшін «Қай ағашты таңдайсыз?» тестін жүргізді. Семинар -практикумның соныңда педагогтар жағымсыз эмоцияларын шығарып дем алу жаттығуларын жасады, семинардан алған әсерлерін жүрекшеге жазып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

         «Өмір сүру керемет!» екендігін ешқашан ұмытпайық!