Психологиялық көрме «Сыйлық»
03-11-2017 10:34
Психологиялық көрме «Сыйлық»

Бүгін, 2017 жылғы 03 қарашада «Бөбек» МЖДМ КМҚК 2016 – 2019 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру барысымен, кәсіби күйзелістің алдын алуға арналған «Өмір сүру керемет!» психологиялық - педагогикалық жобасы аясында «Сыйлық» психологиялық көрмесі өтті. Бұл іс – шарада педагог – психолог Айман Айболқызы педагогтардың психикалық іс - әрекет динамикасының темпераментін анықтау үшін «Егер де» деген шағын тестілеуді өткізді.

         Педагогтарға үй жұмысы ретінде қолдан түрлі бұйымдар жасау берілген болатын. Сол қолөнер бұйымдарын педагогтар бір – біріне сыйға тартып, таңдауының себебін түсіндірді. Соңында педагог – психолог сараптама жұмысын жүргізіп, келесі тренинг – кездесуге “Happy birthday” тақырыбында тапсырмасын таратты. Жоба жұмысын іске асыру барысында педагогикалық ұжымның жақындаса, бірлесе түскені байқалды.