«Саңырауқұлақтың туған күні»
Ортаңғы топ балаларын бүгін ерекше күн күтіп тұрды. Оларды қонаққа Көңілді Саңырауқұлақ келіп туған күнін тойлауға шақырды. Мерекеде балалар туған күн иесімен «Ғажайып жапырақтар» биінде мың бұрала билеп, көңілді әндерін сыйға тарту етті. Саңырауқұлақ та балалардың көңілін көтеру үшін өзімен бірге «Жеміс пен көкөністі жинайық» және «Көңілді сусабын көпіршіктері» ойындарын ала келіпті. Мереке соңында Саңырауқұлақ жомарттығын көрсетіп, балаларға орманнан әкелген тәтті жемістерге толы себетті ұсынды.