«Берекелі алтын күз!»
2017 жылғы 12 қазанда «Бөбек» МЖДМ КМҚК ересектер топтары Алтын күз мерекесін атап өтті. Мереке ертегі кейіпкері Айсұлуға шәңкіш ағашының жидектерін іздеуге көмектесуден басталды. Жолда кездекен орман саңырауқұлақтарының атасымен «Саңырауқұлақтарды ұстайық» ойынын ойнап, мезгілдің сәні болған Күз Ханшаймымен «Жапырақтар», «Тамшылар» биін билеп, «Күзгі сұлулық» сәнгерлер шеруін көрсетіп қайтты. Саяхаттың соңғы аялдамасы Кірпінің үйіне барып, ән – жырларын, өлең шумақтарын арнап, Айсұлуға қажет болған жидекті тауып, күздің сыйы – жеміске толы себетпен үйлеріне, балабақшаға аман – есен, көңілді күйде оралды.