«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 маусым күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің онлайн Фестивалі өтті. Осы фестивальдің секциялық отырысында "Бөбек
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылдың 22 маусым күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің онлайн Фестивалі өтті. Осы фестивальдің секциялық отырысында "Бөбек" бөбекжайының әдіскері Күнменай Мақсұтқызы «Мектеп жасына дейінгі балалардың конструктивтік-модельдік
қызметін дамыту» тақырыбымен сөз сөйледі.
2020 оқу жылынан бастап балабақшамызда техноорта құрылды. Осы жұмысты арнайы курстан өткен маман жүргізеді.
Технологиялық ортаның негізгі мақсаты – жаңа конструкторларды пайдалана отырып, балалардың инженерлік ойлауын қалыптастыру.