"Отбасылық кемпинг"
22-09-2017 11:07

Бүгін, 2017 жылдың қыркүйек айының 21 жұлдызында "Балқаш қаласының бiлiм бөлімі" ММ "Бөбек" МЖДМ КМҚК қабырғасында " Сырттай балабақша" облыстық әлеуметтік - педагогикалық жобасы аясында " Отбасылық кемпинг" атты семинар - практикум өтті. Қарағанды облысының " Бiлiм беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының әдіскері Бугубаева Алмагуль Данияровна бастаған, облысымыздың қалалары мен аудандарынан келген әріптестерге " Sandplay" құм терапиясы, " Сумен ойындар қоржыны" , "Мен режиссермiн" тақырыптарында шебер - сыныптар, "Демалысқа жиналамыз" , аналардың денсаулығын нығайтуға арналған "Фельденкрайз" әдісімен тренинг - жаттығулары ұсынылды. Семинар - практикум "Мендей жаса" және " Тiлектер субұрқағымен" аяқталды.