Тіл - достықтың мерейі
2017 жылғы 22 қыркүйекте «Бөбек» МЖДМ КМҚК ересектер тобында ҚР Халықтарының Тілдер күніне орай мерекелік ертеңгілік өтті. Мемлекеттік Әнұраннан басталған мереке, әрі қарай бүлдіршіндердің өлең жолдарымен, көңілді ән – жырларымен жалғасын тапты. Балалардың көңілін көтеруге, тамаша көңіл – күймен бөлісуге қонаққа қазақтың баласы Ануар, орыстың қызы Катюша және ағылшын бала Джек келіп, музыкалық аспаптарда шағын оркестр құрды. Сонымен қатар, қазақ, орыс, ағылшын халықтарының ойындарын ойнатып қайтты. Мереке өз соңын «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен тапты. Әлемде бейбітшілік барда аспан ашық болары сөзсіз ақиқат!