Размер шрифта:
Ертегіде қонақта
28-07-2017 09:26
Ертегіде қонақта

Бүгін, яғни 28.07.17. күні балабақшамыздың жазғы жоспарына сәйкес «Ертегіде қонақта» атты театр күні өтті. Бұл шара балалардың бойындағы актерлік және шығармашылық шеберліктерін, кішігірім қойылымдарға қатысуға, жағымды кейіпкерлерге ұқсауға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Балалар алдын ала теледидардан көрген ертегіні өздері қойып, әр кейіпкердің маскасын киіп аса қызуғышылықпен сомдады.