Туған күн!
Балабақшамыздың әр күні қызыққа толы. Бүгінгі күн де өз ерекшелігімен балдырғандардың есінде қалады. Өйткені, ең есте қалатын мереке-ол «туған күн» мерекесі. Шілде айында туған балапандарымызды туған күндерімен құттықтауға «Ертегілер әлемінен» көңілді Сайқымазақ пен Мальвинаның өзі келді. Олар құттықтап қана қоймай, балалармен бірге ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Осындай мерекелер балаларға шат көңіл сыйлап, достық қарым-қатынасты нығайтады.