Қуыршақ театры "Жаңаша бауырсақ" ертегісі
Бүгін, яғни 14.07.17. күні балабақшамызда балаларға арналған қуыршақ театрының қойылымы болды. Балабақша педагогтары, музыка және дене шынықтыру жетекшілері өздерінің шығармашылығынан туындаған «Бауырсақ» ертегісінің жаңаша түрін қойды. Атасы мен апасына әбден еркелеп, тентек болып, үйден қашып кеткен бауырсаққа жолда үйреншікті кейіпкерлер емес, бақа, мысық, балапан кездесіп, соңында балапан бауырсаққа ақылын айтып, нағыз дос екенін көрсетеді. Қойылым барысында көрермендер езулерін жимастан, қызығып, қол соғумен болды.