Қатал бағдаршам күні
Қызыл жанса, тоқта!
Сары жанса, дайындал!
Жасыл жанса, алға!
Уақыт жоқ!
Босқа тұрып қалма! -деген өлең жолдарын әр бала біледі. Алайда, жол ережесін үнемі естен шығармай отырған жөн. Сол себептен, біздің "Бөбек" балабақшамыздың бүлдіршіндері бүгін мультфильм кейіпкері Дымбілмеске жол ережелерін үйретіп қана қоймай, өздері де еске түсіріп, тағы да қайталап алғаны бар. Жаз мезгілі - серуен мен демалыстың уақыты, сондықтан сақтық бірінші орында болуы тиіс. Ал, сіздер, жол ережесін сақтайсыздар ма?