"Көңілді эстафета"
09-06-2017 05:52

Жаз - түрлі бояуларға толы, жайдары мезгіл. Осы уақытта балалардың жазғы мезгілін қызықты өткізу мақсатымен "Бөбек" МЖДМ КМҚК педагогтары түрлі мерекелік іс - шаралар өткізеді. Бүгінгі күнде осы жағынан ерекшеленді. Балаларға "Көңілді эстафета" спорттық жарысы ұйымдастырылды. Балалар бар ынталарын салып тапсырмаларды орындап шықты. Жеңіске "Қыран" тобы  жетіп, алғырлығымен озып шықса, екінші орынға "Тұлпар", сәл ғана ұпай сандарымен артта қалып қойған "Жеңіс" тобы үшінші орынға ие болды. барлық қатысушылар естелік  дипломмен марапатталды. Спорттық іс - шара барлық бүлдіршіндердің дәстүрге айналған флешмобымен өз мәресіне жетті.