"Қош бол, балабақшамыз!"
31-05-2017 07:09

Міне,  біздің  бірнеше  жыл  мәпелеп,күтіп,тәрбиелеп  өсірген  бүлдіршіндерімізді  мектеп  табалдырығына  шығарып  салдық. Балаларымыз осыдан  4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр. Түлектерімізге «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа  нұр  жаусын!» деп, мына өлең жолдарын арнағымыз келеді.

Құрметті балабақша түлектері!
Барасыңдар өмірді гүл еткелі.
Әр жылы осы күні қимастықпен,
Соғады апайлардың жүректері.

Көңіл толқып жанады осы күні,
Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны.
Болашақтың үміті сендерсіңдер,
Алтын күннің таратылған сәуле, нұры.

Жүректерге нұр құяды асқақ үміт,
Болашақ күтер сендерді жүзі күліп
Мақсат көздеп ұмтылған сара жолың,
Жарқын таңға жеткізер бір тұңғиық.

Түлектер, ашық болсын таңдарыңыз,
Аға жол ғой біздің де таңдарымыз.
Сіздер салған білімнің көпірімен,
Талай биік шығамыз шыңға әлі біз!