"Бейбіт күн жасасын әлемде!"
2017 жылғы 05 мамырда «Бөбек» МЖДМ КМҚК ересектер топ балалары және ата – аналарының арасында 7- Мамыр Отан Қорғаушылар күніне, 9 – Мамыр Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне орай спорттық – патриоттық жарысы өтті. Мерекелік іс – шара Ұлы Отан соғысының батырларын еске алу мақсатымен, бір сәт үнсіздіктен басталып, кейін балалар өлең – жырларын арнады. Жарыста ересек тобының ұлдары аналарымен бірге «Қосаяқ», «Жүргізуші», «Паровоз», «Кім жылдам» «Кенгуру» секілді эстафеталарда жарысқа түсті. Жылдамдығымен, ұйымшылдығымен алдыға шығып «Сарыарқа» тобы жеңіске жетті.