День единство народа Казахстана
01-05-2017 11:04
День единство народа Казахстана

Бүгін, яғни 2017 жылғы 1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні Балқаш қаласында ерекше тойланды. Біздің «Бөбек» балабақшасының тәрбиеленушілері де осы айтулы мерекені «Астана» алаңында атап өтті. Олар басқа да балалармен бірге асфальт үстінде түрлі-түсті бормен шуағын шашқан бейбіт күннің астындағы бақытты балалалық шақтарының суретін салып, барынша жеткізуге тырысты. Соңында алаңда жүрген көңілді кейіпкерлермен би билеп, шаттық күлкілерімен тағы да ынтымағы берік елде тұратындықтарын дәлелдеді.