"Бір шаңырақ астында"
27-04-2017 04:58

2017 жылғы 27 сәуірде «Бөбек» МЖДМ КМҚК ересектер топ балаларына педагогтар Қазақстан Республикасының 1 – мамыр Бірлік күніне орай ойын – сауық ұйымдастырды. Балалар Қазақстан халықтар арасындағы достықты көрсетіп,  өлең – жырларын арнады. Сонымен қатар, қазақ, орыс, өзбек халықтарының ұлттық ойындарын ойнап, көңілдерін бір көтеріп алғаны бар. Мереке, балалардың «Достық» тақырыбын жалғай отырып, «Мәңгілік елде» дос болып өмір сүреміз деген ниетпен «Мәңгілік ел» әнін орындауымен аяқталды.