"Кітапты күтіп ұста" акциясы
Облыстық «функционалдық сауаттылықтарды дамыту» апталығы аясында, «Бөбек» бөбекжайында «Кітаппен дос болайық» оқу сауаттылық апталығы өз жұмысын жалғастырды.
Балалар кітаптың пайда болуы туралы бейнебаян көріп, "Ы.Алтынсарин және оның шығармалары" әдебиет көрмесін тамашалады. Әлем халықтарының ертегілерін оқып, кітаптарға талдау жасап, оқылған ертегі бойынша сахналады. Кітап бұрышындағы кітаптарды өңдеп, реттеді. #оқырманбалалар #читающаястрана #оқырманәлемі