"Кітаппен дос бол!"
18 қаңтарда облыстық «функционалдық сауаттылықтарды дамыту» апталығы аясында, Балқаш қаласының «Бөбек» бөбекжайында «Кітаппен дос болайық» оқу сауаттылық апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың мақсаты «Әжемнің әңгімесі», «Жас оқырман» жобаларын іске асыру арқылы оқырман сауаттылығын дамыту, тәрбиеленушілерді кітап мәдениетіне баулу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетке қызығушылығы және оқу сауаттылығын арттыру мақсатымен, оқырман әлеміне Алпамыс батыр қонаққа келді. Алпамыс батырмен бірге, апта бойы біздің парақшамызды бақылап отырыңыздар, қызықтың бәрі БІЗДЕ! #оқырманбалалар #читающаястрана #оқырманәлемі