Қыс қызығы
30-01-2017 10:21
Қыс қызығы

Универсиада - 2017 ашылу салтанатына орай «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Қыс қызығы» атты ойын – сауық ұйымдастырылды. Іс – шараның мақсаты Қазақстан спортшыларын қолдау болып табылды. Балалар, аязды күнге қарамай, қонаққа келген Лунтик, Түлкі, Аю, Мыстан кемпір, Орман перісімен бірге түрлі спорттық сайыстарға белсене қатысты. Оның ішінде: шаңғы, шанамен жарысу, хоккей тасын қақпаға дөп тигізу секілді тағы басқа ойындарда өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын сынға салды. Жеңіске «Достық» жетті. Бұл күні балалар өздерін нағыз спортшылардай сезініп қайтқан жайы бар.