Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида
12-қағида
Көпқабатты үйлерде оқшаулауды ұйымдастыру үшін:
- ПИК басшысымен немесе үйдің бастамашы азаматтарымен бірге еріктілер тобын құру керек;
- атқарушы органдармен, полицейлермен өзара тығыз байланыста жұмыс істеп, тиісті байланыс мәліметін, маңызды ақпаратты, нұсқаулықтар мен ұсыныстарды тарату керек;
- үйдің кіреберісі, лифт пен баспалдақ күніне кемінде 3 рет дезинфекциялануы керек;
- тұрғын үй кешендеріне кіретін және шығатын жерлерде адамдардың дене қызуын өлшейтін тұрақтар орналастыру керек;
- “1-1-2” қағидасын ұстану керек, бұл – отбасы мүшелерінің біреуі ғана 2 күнде бір рет үйден шыға алады деген сөз;
- жақын маңдағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмысы тоқтаған жағдайда, азық-түлік таусылғанда жергілікті билікке хабарлау керек;
- көмекке мұқтаж тұрғындарды анықтап, оларға дер кезінде қол ұшын беру керек.
13-қағида
- Үй кез келген уақытта қоршалып, карантинге жабылуы мүмкін, сол сияқты тұрғындар да кез келген уақытта ауруханаға түсуі мүмкін, сол себепті төтенше жағдайға арналған сөмкені (ауыстыратын киім, гигиена заттары, ұялы телефон, зарядтау құрылғысы және тағы да басқа) дайындап қою керек;
- Аурудың жаппай таралу жағдайына дайын болу керек, ауруханаларда орын жетпей қалуы мүмкін;
- Науқаспен бірге тұрған және онымен байланыста болған адамдар 14 күн бойы өзін-өзі оқшаулауға тиіс. Дәрігерлер бәрінің денсаулығын қадағалайды, коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестіден өткізеді. Осы уақыт ішінде ешбір белгі байқалмаса, адамның дені сау болып есептеледі;
- Бірге тұратын адамыңызды емдеуге жатқызса, ең әуелі пәтерді түгел дезинфекциялау керек;
- Өзін-өзі оқшаулау кезінде денсаулықты қадағалап, дәрігерлер кеңесін қатаң орындау керек;
- Науқастың маңына жолаған адамдардың тізімін жасауға көмектесу керек.
14-қағида
- Рас ақпаратты Coronovirus.2020kz сайтынан, Үкіметтің ресми сайтынан, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің сайтынан алу керек;
- Маңызды сұраққа жауап алу үшін “1406” call-орталығына телефон соғуға болады;
- Азаматтар психологиялық қолдау қызметіне және жедел жәрдемге жүгіне алады.