Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида
11-04-2020 14:52
Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида

9-қағида

Үйге келгенде:

  • қолды  дезинфекцияламағанға дейін ешқандай затты ұстамау керек;
  • аяқкиімнің табанын дезинфекциялайтын сұйық себілген шүберекпен сүрту керек, далаға серуендеуге шығарған үй жануарының табанын да сүрту керек;
  • бетперде мен қолғапты абайлап шешіп, оны герметика пакетке салып, лақтырған дұрыс, сөмке, кілт, әмиян, ұялы телефон және басқаларды әуелі кіреберісте қалдырып, кейін мұқият дезинфекциялау керек;
  • Жеткізу қызметінен тауар алған кезде де осы сақтықты қайталаған дұрыс.

10-қағида

  • Жоспар бойынша емделу мен операцияны кейінге қалдыру керек;
  • Созылмалы ауру мазалаған жағдайда емханаға бармай, дәрігерден телефонмен немесе мессенджерлермен кеңес алу керек;
  • Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек;
  • Иммунитетті нығайтатын витаминдерді немесе құрамында витамині көп өнімді пайдалану керек;
  • Жөтел, тынысалудың қиындауы, демігу, дене қызуының жоғарылауы сияқты белгілер пайда болғанда бетперде тағып, отбасы мүшелерінен оқшаулану керек, дәрігерге дереу хабарласып, жедел жәрдем шақыру керек.

11-қағида

  • Үйде ұзақ отырған бала күйзелуі мүмкін. Мұндайда олар ересектердің назарын аударғысы келеді, мазасызданады, тұйықталады, көңіл-күйі бұзылады. Кішкентай балалар төсекке кіші дәретін жіберіп қоюы мүмкін. Осы сияқты жағдайларға ерекше мән беру керек. Баланы не мазалайтынын анықтау керек;
  • Балаларға әдеттегіден көп көңіл бөлу керек. Оларды тыңдап, мейірімді болған жөн;
  • Баланың назарын аудару үшін қызық ойын-сауық, ермек ойлап тапқан дұрыс. Карантин кезінде балалар ата-анасынан көп ажырамауы керек;
  • Балаға жағдайды және жұқпалы аурудан қорғануды қарапайым тілмен түсіндіру керек. Бала дәрігерлердің көмегін жақсы түсінуі керек.