Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида
9-қағида
Үйге келгенде:
- қолды дезинфекцияламағанға дейін ешқандай затты ұстамау керек;
- аяқкиімнің табанын дезинфекциялайтын сұйық себілген шүберекпен сүрту керек, далаға серуендеуге шығарған үй жануарының табанын да сүрту керек;
- бетперде мен қолғапты абайлап шешіп, оны герметика пакетке салып, лақтырған дұрыс, сөмке, кілт, әмиян, ұялы телефон және басқаларды әуелі кіреберісте қалдырып, кейін мұқият дезинфекциялау керек;
- Жеткізу қызметінен тауар алған кезде де осы сақтықты қайталаған дұрыс.
10-қағида
- Жоспар бойынша емделу мен операцияны кейінге қалдыру керек;
- Созылмалы ауру мазалаған жағдайда емханаға бармай, дәрігерден телефонмен немесе мессенджерлермен кеңес алу керек;
- Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек;
- Иммунитетті нығайтатын витаминдерді немесе құрамында витамині көп өнімді пайдалану керек;
- Жөтел, тынысалудың қиындауы, демігу, дене қызуының жоғарылауы сияқты белгілер пайда болғанда бетперде тағып, отбасы мүшелерінен оқшаулану керек, дәрігерге дереу хабарласып, жедел жәрдем шақыру керек.
11-қағида
- Үйде ұзақ отырған бала күйзелуі мүмкін. Мұндайда олар ересектердің назарын аударғысы келеді, мазасызданады, тұйықталады, көңіл-күйі бұзылады. Кішкентай балалар төсекке кіші дәретін жіберіп қоюы мүмкін. Осы сияқты жағдайларға ерекше мән беру керек. Баланы не мазалайтынын анықтау керек;
- Балаларға әдеттегіден көп көңіл бөлу керек. Оларды тыңдап, мейірімді болған жөн;
- Баланың назарын аудару үшін қызық ойын-сауық, ермек ойлап тапқан дұрыс. Карантин кезінде балалар ата-анасынан көп ажырамауы керек;
- Балаға жағдайды және жұқпалы аурудан қорғануды қарапайым тілмен түсіндіру керек. Бала дәрігерлердің көмегін жақсы түсінуі керек.