Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида
6-қағида
Көшеге шығуға тура келгенде:
- медицина бетпердесін тағып, жеңі ұзын сырткиім мен қолғап кию керек;
- шашты жинаған жөн, жүзік, сырға, білезік сияқты бұйымдарды тақпау керек;
- қоғамдық көлікті пайдаланбауға тырысу керек, жеке көлікпен немесе жаяу жүргеніңіз дұрыс;
- адамдардан мүмкіндігінше 2 метр алшақ болу керек;
- бірнәрсе ұстаған сайын қолды жуу немесе гельмен дезинфекциялау керек.
7-қағида
Азық-түлік дүкеніне немесе дәріханаға барғанда:
- ол жерде адам аз екеніне көз жеткізу қажет. 10-нан астам адам болса, сатып алушылардың бір бөлігі далаға шыққанша күте тұрған абзал;
- адамдардан, әсіресе жөтеліп-түшкіріп немесе мұрны бітеліп тұрған адамдардан 1,5-2 метр алыс болу керек;
- қажет емес тауарды ұстамаған дұрыс;
- герметикамен не басқа да материалмен қапталған өнімді сатып алу керек;
- тауар ақысын төлем картасымен төлеу керек, қағаз ақшаны және басқа заттарды ұстаған жағдайда қолды құрамында спирті бар затпен немесе антисептикпен сүрту керек.
8-қағида
Қоғамдық көлікті пайдалану кезінде:
- қолды дезинфекциялау керек;
- баратын жерге жеткеннен кейін қолды дереу сабынмен жуу қажет;
- автобуста, троллейбуста жөтеліп-түшкірерде ауыз бен мұрынды таза сулықпен жабу керек, таза сулық болмаса, бетті алақанмен емес, шынтақтың ішкі жағымен жапқан дұрыс;
- өзге жолаушылармен сөйлеспеген абзал;
- мүмкіндік болса, көліктің әйнегін ашу керек;
- жол бойы бет пен қолды (ауыз, мұрын, көз) ұстамау керек.