Размер шрифта:
Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида
12-03-2020 14:47
Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида

1-қағида

 

  • Адам азық-түлік немесе дәрі-дәрмек сатып алу үшін, медицина көмегіне жүгіну үшін ғана үйден шығуы керек;

  • Саябаққа, ойын алаңдарына, банкке, базарға, адам көп жиналатын басқа да орындарға бармау қажет. Балалар шұғыл жағдайда ғана үлкендермен бірге сақтана отырып сыртқа шығуға тиіс.

2-қағида

 

  • Басқа адамдармен қорғаныс құралының көмегімен қашықтан сөйлесу қажет. Қонаққа бармау керек, дос-жаран мен бірге тұрмайтын туыстарды үйге шақырмау керек.

3-қағида

 

Үйден сирек шығу үшін:

  • жұмысты үйден істеп, интернетті, видеоқоңырауды, мессенджерлерді пайдалану керек;

  • азық-түлік пен тауарды үй есігінің алдына дейін жеткізетін қызметті пайдаланған дұрыс;
  • шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларды қоспағанда ем алуды кейінге қалдырған абзал.

4-қағида

 

  • Қарттар, ауыр созылмалы ауруға шалдыққан адамдар, тынысалу жолдары ауруларымен, аутоиммун және жүрек-қан-тамыр ауруларымен, қант диабетімен, онкология ауруларымен ауыратын адамдар міндетті түрде үйде отыруы керек;Бөлек тұратын туыстары:

  • бұл адамдарға үйден шығуға шектеу қойылғанын түсіндіріп, оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен тіршілікке аса қажет басқа да заттар апару үшін немесе медицина көмегін беру үшін ғана баруы керек;
  • олармен кездескенде қашықтықты сақтап, қол алыспау, құшақтаспау керек;
  • кез келген уақытта біреуді көмекке шақыра алуы үшін оларды байланыстың барлық түрімен қамтамасыз етуі керек.

5-қағида

 

  • Сүйісуді, құшақтасуды, қол алысуды тыю керек;

  • Есік пен тұтқаларды дезинфекциялау қажет;
  • Үйден шыққанда бірреттік сулықтарды пайдаланған дұрыс;
  • Қолды кемінде 30 секундтай сабындап, жиі жуу керек, бетті жуылмаған қолмен ұстамаған жөн;
  • Үй-жайды күніне 15 минуттан кемінде 3-4 рет желдету керек. Құрамында хлор бар заттармен үйді күніне екі рет жуып-тазалау қажет;
  • Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды шынтақпен немесе бірреттік сулықпен жабу керек. Түшкірікті алақанмен жабуға және ауаға таратуға мүлдем болмайды;
  • Темекі шегетін адамдардың вирус жұқтыру қаупі жоғары, темекі мен қорқордан бас тартқан дұрыс;
  • Асхана құралдарын ортақ пайдалануға, бір тәрелкеден тамақ ішуге болмайды. Өзіңіз тістеген немесе дәмін татқан тамақты басқа біреуге бермеген дұрыс;
  • Үйде отырғанда салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек, денені шынықтыру керек.