Размер шрифта:
"БАСШЫ САҒАТЫ" ОНЛАЙН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
09-12-2020 16:46
07.12.20ж. "Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Бөбек» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мекеме» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында ата - аналар үшін "Басшы сағаты" атты онлайн кездесу өтті.
Күн тәртібінде: Карантин кезінде қажетті шаралардың талаптары, жаңа жыл мерекелік шараларының өткізілу сұрақтары, ата-аналардың сұрақтарына жауап беру.
Балабақша директоры Жазбекова Жанар Толеутаевна карантин мерзімі аяқталғанға дейін қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы ата - аналарға түсіндірді, жаңа жылдық мерекеге шектеу қойылғанын ескертті. Отырыс барысында ата-аналарды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Ата-аналар осы кездесуді ұйымдастырған үшін алғыстарын білдірді.
Сұрақтар:
а) Ертеңгіліктер өтпесе де балаларға сыйлық таратуға болады ма?
ə) Суретке түсіруге болады ма?
б) Жалпы балабақша қашан толығымен ашылады?
Сұрақтарының бəріне жауап берілді.