Елбасы күні
Бөбек» МЖДМ КМҚК кішкентай патриоттары Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті күніне орай ұйымдастырылған тақырыптық іс – шараларға қатысып, белсенділік танытты. Аталмыш іс – шаралар ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталып отырды. Балалар елбасымыздың өмірбаянымен танысты. Елбасы туралы өлеңдерді жатқс айтты. Елбасының есімімен аталған астанамыз Нұрсұлтан қаласының ғимараттарын атап өтті.