"Шыршаны оятайық!"
2016 жылғы 26 желтоқсанда жаңажылдық мерекені тойлауды екінші кіші топтары жалғап кетті. Балалар мерекеде ұйықтап қалған шыршаны оятуға тырысты, көмекке Жаңажылдық түн, Ақ қоян, Аю, Ақшақар және мерекенің басты қонағы Аяз ата келді. Балалар шыршаны ояту үшін ән де салды, биде бұралды, тақпақтарын оқып, ойындарын ойнап, шыршаны оятты - ау!